
ЕҰУ түлегі, табысты кәсіпкер Бақытжан Ақан «Leadership» тақырыбында ашық дәріс өткізді
ЕҰУ түлегі, табысты кәсіпкер Бақытжан Ақан «Leadership» тақырыбында ашық дәріс өткізді
29 қазан күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Leadership» тақырыбында ашық дәріс өтті. Дәрісті ЕҰУ-дің белсенді түлегі, меценат және ENU Endowment Fund қамқоршысы, «The Akan Building» құрылыс компаниясының негізін қалаушы Бақытжан Ақан жүргізді.
Кездесу барысында спикер көшбасшылық қағидаттарымен бөлісіп, табысқа жету жолындағы жауапкершілік пен табандылықтың маңыздылығын атап өтті. Студенттер дәріске үлкен қызығушылық танытып, өз сұрақтарын қойды. Ең ерекше сұрақтардың авторлары ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шараны Маркетинг және түлектермен байланыс бөлімі мен Карьера және бизнес бөлімі бірлесе ұйымдастырды.
Университетіміздің түлегі Бақытжан Ақанға шабыт сыйлаған дәрісі, университетке көрсеткен қолдауы және болашақ көшбасшылардың дамуына қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз!
Айта кетейік, 2023 жылы Бақытжан Ақан ENU Endowment Fund қорына 10,5 млн теңге көлемінде қаржы аударып, есімі ЕҰУ Даңқ ағашына енгізілді.
