
ENU-де университетіміздің түлегі, ENU Endowment Fund меценаты және «Zebra Coffee» кофеханалар желісінің негізін қалаушы Ержан Тастамбековпен кездесу өтті.

Open Lecture: «Табысқа апарар жол тәжірибеден басталады»
ENU-де университетіміздің түлегі, ENU Endowment Fund меценаты және «Zebra Coffee» кофеханалар желісінің негізін қалаушы Ержан Тастамбековпен мазмұнды кездесу өтті.
Спикер өз сөзінде табысқа жетудің басты негізі — тәжірибе, табандылық және нақты әрекет екенін атап өтті.
Кездесудің ерекше әрі әсерлі сәттерінің бірі — Ержан Тастамбеков грантының иегерлері «Zebra Coffee» компаниясының 7 жылдығына орай жылы лебіздерін білдіріп, естелік сыйлықтар табыстауы болды. Қатысушылар өздерінің шынайы алғыстарын жеткізді.
Өз кезегінде университет ENU-дің 30 жылдығына орай 30 студентке грант тағайындаған Ержан Тастамбековке алғыс білдіріп, арнайы сыйлықтар — қол сағат пен ENU Alumni желісінің худиін табыстады.
Іс-шара Маркетинг және түлектермен байланыс бөлімі мен Карьера және бизнес-әріптестік бөлімі бірлесіп ұйымдастырды.
Құнды тәжірибесімен бөліскені үшін Ержан Тастамбековке алғыс айтамыз
Осындай кездесулер әрқайсыңызға өз жолыңызды табуға және алғашқы қадамды жасауға шабыт берсін!




