
Ержан Тастамбеков ЕҰУ студенттерінің болашағына үлес қосуды жалғастыруда

2026 жылғы 21 қазанда «Zebra Coffee» кофеханалар желісінің негізін қалаушы әрі иесі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі Ержан Тастамбеков ЕҰУ студенттеріне 16 білім беру грантын табыстады.
Бұл бастама талантты жастарды қолдауға, сапалы білім алуға қосымша мүмкіндіктер жасауға және болашақ мамандардың әлеуетін дамытуға бағытталған.
Табысты түлектердің студенттерге қолдау көрсетуі – әлеуметтік жауапкершілік пен ұрпақтар сабақтастығының жарқын үлгісі. Өз жетістіктерімен бөлісіп, білім беру саласына инвестиция салу арқылы түлектер университеттің дамуына және кәсіби мамандардың жаңа буынын қалыптастыруға елеулі үлес қосуда.
Жаңа гранттарды есепке алғанда, Ержан Тастамбековтің ЕҰУ студенттеріне табыстаған білім беру гранттарының жалпы саны 42-ге жетті.
Мұндай бастамалар ЕҰУ түлектерінің қауымдастығы – тек жетістікке жеткен кәсіби мамандарды біріктіретін орта ғана емес, сонымен қатар студенттердің қабілеттерін ашуға, мақсаттарын жүзеге асыруға және болашаққа сеніммен қадам басуына мүмкіндік беретін маңызды күш екенін көрсетеді.
Бүгінгі білімге салынған инвестиция – елдің ертеңгі болашағына қосылған үлес.
