Құрметті Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлектері!
Сіздерді ЕҰУ түлектер қауымдастығының ресми парақшасында қуана қарсы аламыз!
ЕҰУ - бұл жай ғана білім ордасы емес, бұл сіздің жолыңыз басталған, достар мен ұстаздарды тапқан, мамандығыңызды және өмірлік мақсатыңызды анықтаған қасиетті мекен.
Бүгінде біз университет қабырғасынан түлеп ұшқан барша түлектерді біріктіріп, өзара байланыс орнатып, университетімізді қолдауға және болашақ ұрпаққа шабыт сыйлауға ниеттіміз.
Түлектер қауымдастығы – бұл бір мақсат жолында бірігетін жанашыр жандардың ортасы. Мұнда сіз:
• курстастарыңызбен және ұстаздарыңызбен байланыста бола аласыз;
• университет өміріне белсене араласа аласыз;
• өз жетістіктеріңізбен бөлісіп, мотивация бола аласыз;
• ЕҰУ-дың үлкен жобалары мен бастамаларына үлес қоса аласыз.
Сіздерді қауымдастық қатарына қосылып, ортақ даму жолында бірігуге шақырамыз. ЕҰУ түлектерінің жаһандық қауымдастығын бірге құрайық!
Үйге - туған ЕҰУ-ға қош келдіңіздер!
Ізгі тілекпен,
ЕҰУ түлектер қауымдастығы