
Альма-матерге қайта оралу
Құрметті түлектеріміз!
Бәрі кеше ғана болғандай... Дәрістер, сессиялар, ұйқысыз түндер, көңілді үзілістер, өмір бойына қалған достар мен жүрекке жақын ұстаздар. Ал шын мәнінде, университетті аяқтап, әрқайсыңыз өз жолдарыңызбен әлемнің түкпір-түкпіріне таралғаныңызға 5, 10, 15, 20 немесе 25 жыл өтіпті.
Бірақ сіздер біз үшін әрдайым – үлкен университеттік отбасының ажырамас бөлшегісіздер.
Сондықтан біз сіздерді толқыныспен әрі қуанышпен сол алғашқы жол басталған жерге – туған университетімізге қайта оралуға шақырамыз!
Осы бір жылы қабырғаларда әлі де сол — жас, шабытты, жарқын рух өмір сүруде.Біз сіздерді қайтадан бірге болуға шақырамыз:
Барлығы қалай басталғанын еске түсіру үшін
Өз тарихтарыңызбен, жетістіктеріңізбен және өзгерістеріңізбен бөлісу үшін
Курстастармен және сүйікті оқытушылармен қайта қауышу үшін
Таныс дәліздермен жүріп, арман-қиял туған аудиторияларға кіру үшін
Жылы естеліктерге толы суреттер түсіріп, жай ғана бірге болу үшін
Егер сіз туған университетіңізге оралуды армандап жүрген болсаңыз — біз сіз үшін экскурсия ұйымдастыруға дайынбыз!
Толық ақпарат: 87471230701 (Асылбек)





