
Түлектердің алтын кітабы
Құрметті ЕҰУ түлектері!
Сізде ЕҰУ-дың үздік түлектері қатарынан өз атыңызды қалдырудың бірегей мүмкіндігі бар!
"Түлектердің Алтын кітабы" жобасы бастау алды!
Университетіміздің мақтанышы – оның түлектері! Көптеген түлектеріміз Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосты. Осыған байланысты университетіміз үздік еуразиялықтарды біріктіру туралы шешім қабылдады. Сіздердің әрқайсыңыз альма-матер үшін қымбатсыздар және ерекше жолды жүріп өттіңіздер.
Кітаптың мазмұны көрнекті түлектерге, олардың кәсіби жолы мен жетістіктеріне арналады. Кітапқа 1996 жылдан бастап бүгінге дейінгі түлектер енгізіледі. Көптеген оқу орындары мұндай көлем мен сападағы түлектерімен мақтана алмайды — осы уақыт аралығында 90 мыңнан астам диплом табысталды.
Осыған орай, үздік түлектер тізімін бекіту үшін жұмыс тобы құрылды. Бүгіннен бастап Сіз өз кандидатураңызды ұсына аласыз — анкета сілтемесі: https://forms.gle/W8SKGnCm4VubXxrH8
Алтын кітаптың беттерінен Сізді көргенімізге қуанышты боламыз!

